мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тағайындау, ұйымдастыру жəне (немесе) жүргізу тəртібіне қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар бұзылған;
бұзушылықтардың ықтималдығын негіздейтін жеткілікті нақты негіздер болмаған;
мəлімделген бақылау-қадағалау іс-шараларының көлемі мен сипаты мемлекеттік орган келісу туралы сұрау салуда көрсеткен нақты негіздерге жəне (немесе) болжамды бұзушылықтың ауырлығына немесе оның болжамды салдарына айқын сəйкес келмеген;
мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаттарына Алатау резиденті үшін ауыртпалығы аз тəсілдермен қол жеткізуге болатын;
Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын өзге де негіздер болған жағдайларда, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуді келісуден бас тартуға құқылы.
Келісуден бас тарту уəжді болуға тиіс жəне ол бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.
4. Алатау қаласындағы прокуратураның қадағалауы осы тармақта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
Əкiмшiлiк пен əкiмшiлiк органдарының қызметiнде заңдылықтың сақталуын тексеруге Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына ғана рұқсат етіледi.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша:
1) прокуратураның соңғы тексеруі аяқталған кезден бастап отыз алты ай ішінде бір реттен жиі тексеру;
2) сол бір тексеру нысанасы бойынша қызметтің бұрын тексерілген кезеңіне қатысты қайтадан тексеру;
3) сол бір тексеру нысанасы бойынша соңғы тексеру басталған күннің алдындағы үш жылдан асатын кезеңге қатысты тексеру жүргізуге жол берілмейді.
5. Прокуратура Алатау қаласында жүзеге асырылатын жеке кəсіпкерлік субъектілері болатын Алатау резиденттерінің қызметіне араласуға, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай қызметке тексеру тағайындауға құқылы емес.
Мұндай тұлғалар қызметінің заңдылығының сақталуына тексеру жүргізуге тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша не олармен келісу бойынша жол беріледі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аталған бақылау жəне қадағалау субъектісін хабардар етеді жəне оған Алатау қаласының тұрғындарының өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортасына, маңызды инфрақұрылымының қауіпсіздігіне тікелей қатердің болуы жағдайларын қоспағанда жəне мұндай қатерді жою дереу араласуды талап еткен жағдайда, тексеру басталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні мерзімінде өз ұстанымын ұсынуға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда тексеру бақылау жəне қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпей жəне тексеруді тағайындау туралы актіні тіркемей, оны кейіннен келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі уəкілетті органға ұсына отырып жүргізіледі.
6. Қоғамдық қатынастардың жаңа саласы əкімшіліктің реттеуіне жатқызылған жағдайда, тиісті саладағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тиісті акті күшіне енген күннен бастап əкімшілік жүзеге асырады.
7. Осы баптың ережелері Алатау қаласында салықтық əкімшілендіруді жүзеге асыруға қолданылмайды.
Салықтық бақылаудың кез келген нысандарын қоса алғанда, салықтық əкімшілендіру осы Конституциялық заңның 44-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
43-бап 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
43-бап. Алатау қаласының тауарларының, жұмыстарының жəне көрсетілетін қызметтерінің айналысы
1. Егер Алатау қаласының заңнамасында жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Алатау қаласының заңнамасына сəйкес Алатау резиденттері өндірген (орындаған, көрсеткен) тауарлар, жұмыстар мен қызметтер оларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізу, ақысын төлеу, есепке алу мен пайдалану мақсаттары үшін жəне экспорттау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес келеді деп танылады жəне Қазақстан Республикасының өзге аумағында өндірілген өзге де тауарлармен, жұмыстармен жəне көрсетілетін қызметтермен қатар айналысқа жіберілуге тиіс.
2. Алатау қаласындағы Алатау резиденті қызметінің лицензиялау, сертификаттау, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тəртібінің талаптарына не Қазақстан Республикасының өзге аумағында белгіленген тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптарға сəйкес келмеуі экспорттан, төлемдерді жүзеге асырудан, салық салу мақсаттары үшін шығыстарды, шегерімдерді немесе есепке жатқызуды танудан, сатып алуға қатысуды шектеуден не əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шараларды қоспағанда, олардың айналымын шектейтін өзге де шараларды қолданудан бас тартуға негіз бола алмайды.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, қаржы ұйымдары жəне квазимемлекеттік сектор субъектілері белгілеген, лицензияның, рұқсаттың болмауы не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына өзгеше түрде сəйкес келмеу не мұндай сəйкестікті растаудың мүмкін болмауы негіздері бойынша төлемдерді жүзеге асырудан, салық салу мақсаттары үшін шығыстарды, шегерімдерді немесе есепке жатқызуды танудан, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді айналысқа жіберуден не оларға қатысты өзге де операцияларды жасаудан бас тартуға алып келетін талаптар, егер əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше белгіленбесе, қолданылмайды.
4. Алатау қаласының резиденттерi өндiретiн (орындайтын, көрсететiн) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң елiшiлiк құндылығына қойылатын талаптар, сондай-ақ Алатау қаласында тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi оқшаулауға бағытталған, оның iшiнде олардың Қазақстан Республикасының өзге де аумағындағы айналысының мақсаттарына арналған өзге де шаралар əкiмшiлiктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi. Көрсетілген талаптар тек қана нақты инвестициялық жобалар бойынша салықтық преференциялар берілген жағдайда белгіленеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тең шамада танылады.
44-бап 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
44-бап. Алатау қаласының салық режимі
1. Алатау қаласының салық режимі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді жəне арнаулы құқықтық режим туралы заңнамада, сондай-ақ Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген бөлігінде қолданылатын Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.
2. Алатау қаласының салық режимі Алатау қаласының заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлеріне негізделеді.
Алатау қаласында Кеңестiң шешiмiмен салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мөлшерлемелері, оларды есептеу тəртiбi өзгертiлуi жəне Алатау резиденттерiне қатысты олар бойынша салықтық жеңiлдiктер мен салықтық преференциялар көзделуi мүмкiн.
3. Салықтық преференциялар тек қана ұзақ мерзімді жоспарды, мастер-жоспарды жəне даму стратегиясын, сондай-ақ арнаулы құқықтық режимнің міндеттерін іске асыру мақсатында отыз жылдан аспайтын мерзімге белгіленеді.
Алатау резиденті жəне оның өзара байланысты тараптары осы Конституциялық заңға сəйкес салықтық преференциялар қолданылатын кірістерге (пайдаға) қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген салықтық преференцияларды қолдануға құқылы емес.
Осы Конституциялық заңның 15-бабында көзделген қаржылық орнықтылық қағидатын іске асыру мақсатында салықтық преференциялар:
1) егер Алатау резидентінің өзара байланысты тараптармен жасалатын операциялары Қазақстан Республикасының өзге аумағында жүзеге асырылатын сол қызмет түрі бойынша салықтық міндеттемелердің азаюына алып келетін болса, мұндай операцияларға;
2) егер өндірістік, технологиялық функцияларды, сату, маркетинг, өткізу функцияларын немесе кəсіпкерлік қызметтің өзге де негізгі функцияларын Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Алатау қаласына көшіру Қазақстан Республикасының өзге аумағында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелердің азаюына алып келетін болса, мұндай көшіруге;
3) Қазақстан Республикасының өзге аумағында тіркелген заңды тұлғалардағы акцияларды (қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иеленуден жəне (немесе) басқарудан алынған Алатау резидентінің кірістеріне (холдингтік қызмет);
4) егер материалдық емс активтер Алатау қаласының аумағында құрылмаса жəне пайдаланылмаса не коммерцияланбаса, мұндай активтерді иеленуден жəне (немесе) басқарудан алынған Алатау резидентінің кірістеріне;
5) Алатау резидентінің тауарларды (сауда қызметін), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістеріне, егер оларды өндіру, орындау немесе көрсету бойынша негізгі бизнес іс жүзінде Алатау қаласы аумағының шегінен тысқары жерлерде Қазақстан Республикасының өзге аумағында жүзеге асырылса;
6) Қазақстан Республикасының салық саясаты саласындағы уəкілетті органның ұсынымдарын ескере отырып, əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған өзге де кірістерге жəне (немесе) қызмет түрлеріне қолданылмайды.
Салықтық преференцияларды қолданудың осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде көзделген негiзгi қағидаларын əкiмшiлiк осы баптың 8-тармағына сəйкес Кеңестiң шешiмi бойынша əкімшілік қабылдайтын нормативтiк құқықтық актiнiң шеңберiнде iске асыруға тиiс.
Қызметін Қазақстан Республикасының өзге аумағында Алатау қаласының шегінен тысқары жерде жүзеге асыратын жəне сонда тіркелген Алатау резидентінің өзара байланысты тараптарына қатысты осы тармақтың үшінші бөлігінің ережелерін іске асыру тəртібін осы Конституциялық заңның 27-бабының 3-тармағында көзделген тəртіппен салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайды.
4. Алатаудың резидент заңды тұлғасы бизнес-лицензияға сəйкес Алатау қаласының басым саласында іске асыратын инвестициялық жоба бойынша бизнес-лицензия берілген күннен бастап он жыл ішінде тиісті қызметке қатысты салық режимінің тұрақтылығына кепілдік беріледі. Салық режимінің көрсетілген тұрақтылығы жаңа салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді қолданбауды, салық мөлшерлемелерін жəне басқа да міндетті төлемдерді ұлғайтуды, сондай-ақ осындай инвестициялық жоба бойынша салықтық міндеттемелердің ұлғаюына алып келетін оларды есептеу тəртібін өзгертуді көздейді.
Қазақстан Республикасының бұрын берілген салықтық преференцияны қолдануды шектейтін немесе оның күшін жоятын заңнамасы өзгерген жағдайда, Алатау резиденті мұндай салықтық преференцияны тиісті бизнес-лицензияда көзделген шарттарда жəне оны қолданудың бүкіл мерзімі ішінде қолдануды жалғастыруға құқылы.
5. Осы баптың 4-тармағының ережелері қоршаған ортаны қорғау, қалалық ортаны дамыту, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау жəне Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында Алатау қаласының заңнамасында белгіленген салықтар мен өзге де міндетті төлемдер бойынша Алатау қаласы заңнамасының өзгерістеріне қатысты қолданылмайды.
Алатау қаласы заңнамасының көрсетілген өзгерістері əкімшіліктің нақты инвестициялық жобаға қатысты қабылданған уəжді əкімшілік актісі жіберілген күннен бастап міндетті түрде ұзақтығы кемінде үш жыл болатын өтпелі кезең ұсыныла отырып, тек қана көрсетілген əкімшілік актінің негізінде қолданылады.
6. Инвестициялық жоба бойынша бизнес-лицензия берілген күні қолданыста болған салық режимінің тұрақтылығын қолдануды тоқтатуға немесе тоқтата тұруға бизнес-лицензияның шарттарын елеулі бұзу жəне тек қана əкімшіліктің уəжді əкімшілік актісі негізінде Алатаудың нақты резидентіне қатысты қабылданған инвестициялық жобаны іске асыру кезінде де жол беріледі.
7. Салықтық преференциялар толық немесе ішінара босатуды көздеуі жəне салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің мынадай түрлеріне қатысты қолданылуы мүмкін:
1) корпоративтік табыс салығы, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық бастамалар мен халықаралық шарттардың ережелерін ескере отырып, бейрезиденттің кірістері бойынша пайыздар, роялти түрінде төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы;
Алатау резидентінің кірісті бөлуінен дивидендтер түрінде түскен бейрезиденттің кірістері бойынша корпоративтік табыс салығы. Капиталды бизнес-лицензиялануға тиіс қызметке кері инвестициялау кезінде жер учаскелерін берудің артықшылық берілген шарттары, салықтық міндеттемелерді есепке жатқызу, өзге де шаралар нысанында преференциялар берілуі мүмкін;
егер жоғары білікті мамандар болатын шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасының салық резиденттері болып танылса, осындай шетелдік жұмыскерлердің Алатау резиденттерімен еңбек шарттары бойынша алатын кірістері бойынша;
Қазақстан Республикасының салық резиденті болмайтын тұлғаның (бұдан əрі осы бапта - бейрезидент) Алатау резидентінің кірісті бөлуінен дивидендтер түрінде түсетін кірістері бойынша;
Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған, құн өсімі, жеке тұлғалардың мүліктік кірісі түріндегі кірістер, сондай-ақ жеке тұлғалардың қамтамасыз етілген цифрлық активтер бойынша кірістері бойынша жеке табыс салығы;
3) Алатау резиденттерінің жұмыскерлеріне кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары бойынша əлеуметтік салық;
Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тауарларды импорттау кезіндегі;
бейрезиденттен Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі айналымнан қосылған құн салығы;
5) Алатау қаласының аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша мүлік салығы;
6) Алатау қаласының аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша жер салығы немесе жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
7) басқа да салықтар жəне жиынтығында инвестициялық жоба құнының он пайызынан аспайтын мөлшердегі бюджетке төленетін міндетті төлемдер. Көрсетілген шектен асатын салықтық преференцияны беру шарттары Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен бекітіледі.
Салықтық преференциялар салық салу мөлшерлемесін, объектісін өзгертуді, осы бапта белгіленген шарттарға сəйкес келген кезде салық салынатын базадан қосымша шегерімдер, түзетулер ұсынуды көздеуі мүмкін.
Корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша салықтық преференциялар Алатау резидентінен алынған конструктивтік дивидендтер түріндегі кірістерге қолданылмауға тиіс.
Корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық преференция Алатау резиденті кірістерінің мынадай түрлеріне қолданылуы мүмкін:
1) бизнес-лицензиялануға тиіс қызмет түрінің нəтижесі болып саналатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кіріс;
2) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуінен түсетін кіріс;
3) инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде алынған орналастырылған қаражаттардан депозиттер бойынша сыйақы;
4) егер салық кезеңіндегі жылдық жиынтық кірістің он пайызынан аспайтын болса, өзге де кірістер мен кірістердің түрлері.
Алатау қаласының аумағында Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тауарлар тізбесі бойынша еркін кеден аймағының кедендік рəсімімен орналастырылатын тауарларды өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынуы мүмкін.
8. Алатау қаласындағы салық режимі шеңберінде салықтық преференцияларды беру, түзету жəне олардың күшін жою шарттары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық бастамалар мен халықаралық шарттардың ережелері ескеріле отырып, Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Алатау қаласындағы салықтық преференциялар жүйесі Алатау резиденттерінің қызметіне қатысты жиынтығында қолданылатын мынадай басшылық өлшемшарттар негізінде санатталуға тиіс:
1) Алатау қаласының стратегиялық құжаттарына сəйкестігі;
2) Алатау қаласының экономика секторының басымдылығы;
3) экспортқа бағдарлануы мен инновациялығы;
5) инвестициялық жобалардың қаржылық, экономикалық, əлеуметтік жəне өзге де негізгі көрсеткіштері.
Бизнес-лицензиялау процесінде əкімшілік өзі айқындайтын тəртіппен салықтық преференцияларды беруге, бақылауға, түзетуге жəне олардың күшін жоюға тиіс.
Əкімшіліктің сұрау салуы бойынша жеке жəне заңды тұлғалар мыналарға:
1) Алатау қаласындағы көздерден алынған (алынуға тиіс) кірістерге кез келген басқа шетелдік юрисдикцияда қолданылатын салықтарға;
2) өзара байланысты тұлғалар, талап қоюдың ескіру мерзімі кезеңінде олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы салықтық міндеттемелері бойынша функционалдық талдауды қоса алғанда, барлық осындай өзара байланысты тұлғаларға;
3) Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған өзге де мəселелерге қатысты ақпарат беруге тиіс.
Алатау қаласында салықтық преференцияларды қолдануға байланысты алынатын салықтар сомасының ұлғаюына алып келетін осындай юрисдикция заңнамасы өзгерген жағдайда, əкімшілік қолданылатын салықтық преференцияларды осындай ұлғаюдың шамасымен салыстырылатын көлемде өзгерту арқылы Алатау қаласының бюджетіне салықтар төлеуді қайта қарауға құқылы.
9. Алатау резиденті осындай преференция қолданылатын əрбір салықтық кезеңдегі салықтық преференциялар беру шарттарына сəйкес келуге тиіс. Əкімшіліктің актілерінде салықтық преференция беру шарттарының бұзылуын жою мерзімдері жəне (немесе) ықпал ету шаралары белгіленуге тиіс.
10. Мынадай қызмет түрлеріне қатысты салықтық преференцияларды қолдануға тыйым салынады:
1) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды ғылыми-зерттеу жəне (немесе) медициналық мақсаттарда тиісінше жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарда, ғылыми ұйымдар мен медициналық ұйымдарда қолдану жағдайларынан басқа, олардың айналымына байланысты қызмет;
2) акцизделетін өнімді өндіру жəне (немесе) көтерме саудада өткізу;
4) радиоактивті материалдарды ғылыми-зерттеу жəне медициналық мақсаттарда тиісінше жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарда, ғылыми ұйымдар мен медициналық ұйымдарда қолдану жағдайларынан басқа, олардың айналымына байланысты қызмет;
5) Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де қызмет түрлері.
11. Салықтық преференцияларды қолданатын Алатау резиденті Алатау қаласындағы жалпы салық режимі бойынша есепке алынуға тиіс салықтық преференциялар қолданылатын қызмет түрлері бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерінің жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді. Бөлек есепке алу қағидалары Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
12. Алатау қаласында өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде мəміле (бұдан əрі - жоспарланатын мəміле) жасауға ниет білдіретін Алатау резиденті жоспарланатын мəмілені алдын ала қарау жəне Алатау қаласында салық режимі бөлігінде арнаулы құқықтық режим туралы заңнама мен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын жоспарланатын мəмілеге қолдануға қатысты əкімшіліктің ресми ұстанымын білдіру үшін əкімшілікке өтінішпен жүгінуге құқылы (бұдан əрі - салық шешімі) жəне əкімшілік тиісті салық шешімін əкімшіліктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде береді.
Егер Алатау резиденті салық шешімін беру үшін маңызы бар мəміленің барлық аспектілерін толық жəне анық түрде ашуды жүзеге асырса жəне мəміле мəміленің осындай аспектілеріне сəйкес жүзеге асырылса, онда мұндай салық шешімін əкімшілік көрсетілген мəміле жасалған кезеңде немесе одан кейін өзгерте алмайды жəне ол əкімшіліктің, əкімшілік органдарының жəне (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының, оның ішінде мемлекеттік кіріс органдарының көрсетілген Алатау резидентіне жəне мəмілеге қатысты қолдануы мен орындауы үшін міндетті болады.
Салық шешімдері əкімшілік белгілеген төлемақыға беріледі.
13. Əкімшілік Кеңестің шешімі бойынша осы Конституциялық заңда белгіленген, əкімшілік бюджетіне міндетті төлемдерді белгілеуге немесе алып тастауға қатысты негіз қалаушы қағидаттар мен нормаларға сəйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделмеген əкімшілік бюджетіне төленетін міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін белгілейтін немесе алып тастайтын, олардың мөлшерлемелерін, есептеу жəне төлеу тəртібін, сондай-ақ мерзімдерін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жəне əкімшіліктің немесе əкімшілік органдарының өзге де көрсететін қызметтері немесе əрекеттері үшін төлемақыны;
4) салықтық шешім үшін төлемақыны;
5) төлемдердің өзге де түрлерін қабылдауға құқылы.
14. Егер Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тиісті тəртіп Қазақстан Республикасының халықаралық шарты ережелерінің мақсаттары мен міндеттеріне сəйкес келетін жеңілдіктер беруді шектесе, əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде Кеңестің шешімі бойынша осындай халықаралық шарттың салық салу мəселелеріне қатысты ережелерін қолданудың өзгеше тəртібі белгіленуі мүмкін.
15. Осы Конституциялық заңға сəйкес Алатау қаласының аумағында қызметті жүзеге асыру кезінде əкімшілік пен əкімшілік органдары корпоративтік табыс салығын, мүлік салығын жəне Алатау қаласының аумағында орналасқан объектілер бойынша жер салығын, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар төлемейтін басқа да салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеуден босатылады.
Əкімшіліктің немесе əкімшілік органдарының шетелдік жұмыскерлері Кеңестің шешімі бойынша əкімшіліктің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған кезеңге дейін əкімшілікпен немесе əкімшілік органымен тиісті еңбек шарттары бойынша Алатау қаласындағы қызметтен түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеуден босатылады.
16. Əкімшіліктің немесе əкімшілік органдарының осы Конституциялық заңға сəйкес қаражатты, оның ішінде Қазақстан Республикасының бюджеттерінен бюджет қаражатын, Алатау резиденттеріне көрсетілген қызметтер үшін төлемақыны жəне əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де төлемдерді алуы қосылған құн салығы салынатын, өткізу жөніндегі айналым болып саналмайды.
Іске асырылу орны Қазақстан Республикасы болып танылған, бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстар, көрсеткен қызметтер, егер осы Конституциялық заңға сəйкес Алатау қаласының аумағында өздерінің қызметін жүзеге асыру кезінде əкімшілік немесе əкімшілік органдары үшін жұмыстар орындалса жəне қызметтер көрсетілсе, бейрезиденттен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі айналым болып саналмайды.
17. Алатау қаласындағы салықтық əкімшілендіру əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне негізделеді.
Салықтық əкімшілендіру мақсаттары, сондай-ақ əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген функцияларды орындау үшін мемлекеттік кіріс органдары əкімшілік пен əкімшілік органдарына салық төлеушілер жөніндегі, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес салықтық құпияны құрайтын мəліметтерді ұсынады.
Мемлекеттік кіріс органдарының əкімшілікпен, əкімшілік органдарымен жəне Алатау резиденттерімен Алатау қаласындағы салық салу мəселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауы əкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
45-бап 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
45-бап. Алатау қаласындағы кедендік режим
1. Кедендік жəне салықтық реттеу мақсаттары үшін Алатау қаласы осы бап қолданысқа енгізілген күннен бастап елу жыл ішінде арнайы экономикалық аймақ режимінде жұмыс істейді, осыған байланысты:
1) Алатау қаласының шекаралары мен аумағының алаңы көрсетілген арнайы экономикалық аймақтың шекаралары мен алаңы болып саналады;
2) Алатаудың резидент заңды тұлғалары бір мезгілде арнайы экономикалық аймақтың резиденттері болып саналады жəне əкімшілік берген жəне осы мақсаттар үшін арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шартпен танылатын лицензияның негізінде арнайы экономикалық аймақ резиденттерінің тізіліміне енгізілуге жатады;